ШҚО: қатым түсіріп, ас беруге уақытша тыйым салынды
Бейсенбі, 19 Наурыз 2020Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қайтыс болған адамның жаназасы үйден шығарылады. Бұдан бөлек қатым түсіріп, ас беруге уақытша тыйым салынды. ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингке қатысқан облыстық дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин осылай деді.
ШҚО: қашықтықтан еңбек еткен қызметкерлердің еңбекақысы сақталады
Бейсенбі, 19 Наурыз 2020Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты үйде каратинде отырған қызметкерлер жұмыс орнына уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы қағаз алып баруы тиіс. Сонда оларға әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жөнінде ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.
ШҚО-дағы кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар жұмыс істейді
Бейсенбі, 19 Наурыз 2020Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыстағы санитарлық қызмет үш бағытта еңбек етуде. Бірінші бағыт бойынша шетелден келген азаматтарға арнайы мониторинг жасалып отыр. Екінші бағытқа сәйкес Бақты мен Майқапшағай кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы аймақтық комуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев мәлім етті.
ШҚО-да Ресей мен Қытайға қатынайтын жолаушылар көлігі уақытша тоқтатылды
Бейсенбі, 19 Наурыз 2020Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысынан Ресей Федерациясы мен Қытай мемлекеттеріне қатынайтын автобустар мен поездар уақытша тоқтатылды. Бұл туралы аймақтық комуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мәлім етті.
ШҚО-дағы сауда орындарында санитарлық жағдай қатаң сақталады
Сәрсенбі, 18 Наурыз 2020Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Шығыс Қазақстандағы барлық сауда нысаны дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс істейтін болады. Мұндағы басты мақсат - тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов мәлім етті.
ШҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ
Сәрсенбі, 18 Наурыз 2020Шығыс Қазақстанда 20 ақпаннан бастап А-санатты шет мемлекеттерден келген 79 азаматтың 65-і карантиннен шығарылды. Ал қалғаны бақылауда жатыр. Б-санатты елдерден келген 8 адам үйдегі карантинде отыр.