ШҚО талдау және болжау институты

Қазақстан Республикасында үздіксіз болып жатқан демократияландыру процесі үнемі билік алдында да, халық алдында да қоғамдық – саяси процестің айқындылығын, ашықтығын қалыптастырып отырады. Талдау және болжау институты басқарма органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуінің жігі болғандықтан, мемлекеттің негізгі даму үрдісін байқай алатын икемді құрылым болып табылады. Толығырақ ...

Салафизм – Қазақстан мемлекеті үшін таптаурын тақырып болғанымен, әлі өзектілігін жоймаған шетін мәселе. Екі мыңыншы жылдардан бергі содырлар салған қанды-қасап қаралы шежірені қаперге алсақ, салафизмнің қоғам үшін аса қауіпті діни идеология екеніне көз жеткіземіз. Салафизм өкілдері дәйім ауызға алатын «бидға», «ширк», «кафир», «тағут» терминдеріне қазір қас мамандар түгілі былайғы жұрттың да құлағы үйрене бастады. Бұл қауіпті тенденция! Себебі, оған көз бен құлақ үйренісе бастаса, бірте-бірте қоғам салафизмнің қас-қабағына қарай бастауы бек мүмкін. Сондай-ақ, әбден тісқаққан кексе салафилерді былай қойғанда, олардың отбасында тәрбиеленген жаңа буынының бой көрсете бастауы, аталмыш мәселенің әзірше һәм тақау арада күн тәртібінен түспейтенін аңғартады. Ендеше, салафизм дертінен құлан-таза айығу үшін не істеуіміз қажет?

Астананың 20 жылдығы мерекесі аясында 2018 жылғы 29-30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Орта білім мектептерінде өзге ұлт өкілдеріне Абайды оқудың жаңа моделі ұсынылды. Аталмыш модельде жастар және ғылым ұғымдарына екпін жасалған.

Шығыс Қазақстан – көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің, жазушылар мен ақындардың отаны. Өлке тарихи, әдеби, этнографиялық құндылықтарға бай. Бұл – қазақ мәдениетінің ұлы тұлғалары дүниеге келген және өмір сүрген, әлемге әйгілі Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовты дүниеге әкелген қасиетті жер.

Абай ауданының орталығы – Қарауылда ойшыл, ғұлама, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мереке аясында Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайға ескерткіш қойылып, жаңа спорттық нысан ашылды. Тойда ата салтқа сәйкес ас беріліп, түрлі ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының шет бойымен жүрсеңіз, бірден шұңқырлар, кіші кеніштер көзге түседі. Мұның барлығы кұм, сары топырақты игеруде рұқсаты жоқ, жеке тұлғалармен заңды тұлғалардың немқұрайлық әрекеттерінің нәтижесі. Жоғарыда аталып кеткен бұл құрылыс материалдары, жалпы пайдалы қазбаларға жататынын түсіну қажет.