Кезекті қабылдауын өткізді

Сейсенбі, 24 Қараша 2020 12:15

ШҚО талдау және болжау институтының ғимаратында облыстық Қоғамдық кеңестің рухани келісім, өнегелілік және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша сарапшылық жұмыс тобының кезекті қабылдауы өтті.

Қабылдау барысында Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерінен жуырда ашылған «Борис Щербаковтың жасыл үйінің» ашылуына байланысты, ондағы кітап қорын толтыру туралы өтініш келіп түсті. Аталмыш өтініш бойынша қазіргі таңда біршама жұмыс атқарылды. Мысалға айтсақ: сарапшылық жұмыс тобы мүшелерінің күшімен және жеке қорлардан жасыл үйге біршама әдеби және танымдық литература табысталды. Сонымен қатар баспаханамен келіссөз жүргізіліп, қажетті кітаптарды басып шығару туралы келісім жасалды. Оған қоса этнографиялық музей-қорығының қолдауымен нысанды безендіру қолға алынатын болды. Жұмыс жалғасуда.

Аталған іс-шаралар ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы тұрғындарды аумақтарды басқаруға тарту арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» лоты аясында жүргізілді.